понедельник, 24 февраля 2014 г.

Аңшының әлегі


                                                    Аңшының әлегі.                                                          

Сыбдырлап төмен қарай аққан жапырақ, басқан сайын шытырлап мазасын алады.

---Қап мынауда бір-,деп Өзімен өзі сөйлесіп қия бетке жантайлап, ебедейсіз ұзын мылтығын сүйреп төмен қарай ақырындап құлдилап бара жатыр.

Мақсаттың көздегені анау тұрған сайдың табанындағы бұлақ басынан суаттап шығып бетке қарай шығып бара жатқан тау теке болса керек. Екі жақты қозғалыс бірі бейқам бірі сақ. Біріне ажал біріне азық, көрген көрініс осы бір ойларды көңілге қайталап кимелете береді. Екі таудың ортасында жалғыз бұлақ. Бұығыты тауының барлық аңдары осы бұлақтан келіп суаттайтынын әсте келіп жүретін аңшылардың бәрі біле тұғын. Талайдың шөлін қандырған қара бұлақ, талаң аң құсқа ажал мекені болыпта үлгерген. Жердің жай жапсарын аңшылықтың қыр сырын меңгерген аңшылар осында келіп олжалы болып қайтатын. Соның бірі мына жатқан Мақсат. Оның кәзіргі құлқынында, нысанасына іліккен анау беттегі жалғыз теке. Сондықтан қызып алған қаны оңайшылықпен қайтармасы анық.

Тастардың қатпарлы қыртысын жайпақ жолға балайтын ор теке, қия тастың қуысынан жол тауып жоғары қарай алшақтап бара жатыр. Сімірген судың салмағы болса керек бірінің артынан бірі ілесіп бяу қозғалып бара жатыр. Әдетінше қалқайған екі құлақтарының айналадағы қыбыр еткен дыбысқа шүйке бастарын селтең еткізетін құдіреттері бар емес пе. Бүгін тіпті бей қам. Тау басынан түспегелі біраз болды, мөлдір бұлақтың суын қанып ішіп, қарынды кере созып, құйрықтарын шыжбыңдатып бұлақтан алыстай берді.

Жәй күндері жүгіріп түсе кететін сай табаны, бүгін Мақсатқа айтарлықтай қиындық тудырды. Ырсылдаған дем, маңдайдан шапшыған тер соның дәлелі. Тышқан аулаған мысықша артық оқыс қимылсыз қозғалыс кімге де болсын оңай соқпайды. Сайға түстіде, еңбектеп барып Бұлақтың жанындағы қара тастың ығына суйкеле барып отыра кетті.Басын шығарып нысанасына бір қарап қойды. Бұл кезде текелер жалпақ беткейдің орта белінен асып әжеп тәуір алыстап қалған болатын. Енді біраз кідірсе нысана оққа жеткізбей кетеді. Мылтығын оқтады да, тастың көрінер тұсына жалпасынан жата түсіп серейген қара мылтықты нысанаға бірден көздеді. Көз ұшына соңғы кетіп бара жатқан ұрғашысы ілінді. Демін ішіне тартып, шүріппені басып қалғанда. Ұңғыдан тұнышығып пырс еткен дыбыспен көк түтін бұрқ ете қалды. Сол сәтте Қарсы беткейден домалап сырғыған шиыршық тастың қимылы ғана біліндіде әлгі үйір жоқ болды.

----Қап, қап әкеңнің аузы-деп қара мылтықтықты жанындағы тасқа тарс еткізіп бірақ ұрды

Оқ дәрінің тұтанбай  қалғанына қапа болып, басы салбырап келген жолына қайта түсіп, қара бұлақпен қош айтысты.

Сүйретіліп түскен қиядан сүйретіліп зорға шықты. Қыраттағы есіп тұрған самал жыңғылды сайдың сәтсіз көрінісін бірден ұмыттырып, басына жаңа идея әкелгендей. Иа дәл солай, біз анау таудың басындағы қарағай түбінде екі атты ұстап қалған Ерназарды мүлдем ұмытып кетіппіз. Мақсаттың ойына да баласы түсіп қайтадан жоғары қарай бет алды. Әке мен бала, жұманы ырымдап жолға шыққан болатын. Үйдегі бәбішеге үәдені үйіп төгіп, бір екі күндік азықтарын алып кіші ұлымен келген болатын.Үйдегі әңгімелері бойынша Бұығыты тауының батыс жағындағы қарағайлы деп аталатын жерінен отын дайындауға кетпек болған. Малышлар қарағай дайындау үшін десе, міндетті түрде, өзімен бірге шатыр, балта, отынға не керкетің барын алып кететін. Сондай қаммен келіп шатырын нақ Қарағайлы сайының беткейіне тігіп қойып бүгін жорыққа шығып кеткен еді. Мақсат бала кезінен аңшылыққа құмартқан, қол мергендік дарыны бар кісі еді. Отынға барайық деген әңгіменің себепшісі де осы ішіндегі ойлардан бастау алған болатын. Жұма күні күн еңкейген сәтте жетіп шатыр тігіп бүгін міне Ерназар мен бірге аңға шығып келген жайы осы еді. Екеуі қарағайлыдан ұзап, қарабұлақтың желкесінгдегі тауға келгенде, өзара ақылдасып екі атқа қарауылғып Ерназарды тағайындап, жаяу сай қойнауына жүгіріп кеткен болатын. Сол кеткеннен бері міне бұлаққа жеткенше 1 сағаттай уақыт болып қалған еді. Ендігі уайым Ерназар болып асығып аптығып жоғары қарай алып ұшып барады.

Тапыр-тұпыр. Салдыр сұлдыр. Гүрс, ырсылдаған ат дыбысы, Ерназарды қалың ұйқының арасынан жұлып алды. Орынан ұшып тұрып, ат байлаған аршаға қарағңаны сол еді. Байланған шылбырға оранып әлек болып жатқан, әкесінің күрең төбелін көрді. Жүігіріп барып жан таппай тыпырлаған атпен бірге тырмысып жүріп, бүріп қысып жанын шығарған шылбырды тарқатып босатып алды. Аузынан көбігі ағып кеткен жылқының көзі шарасынан шығып кетердей, басы Ерназардың әрбір оқыс қимылын бағып, бірге секеңдейді. Шошынған атты сипалап, әрең қалпына келтірді. Оны жөніне қоя беріп шідерлеп қойған өзінің қара құнанына жалтақтай берді. Бірақ жақын маңнан табылмаған соң ары беріп қалбалақтап қай тұстан бағамдарын білмей аласұрады. Арлы берлі жүгіріп, таппаған соң қалың ұйқыдан ісіген көздерінің жиектерін жас парлай бастады. Есі шығып біраз жерге дейін жүгіріп, алыстап кеткенін енді ғана сезді.

----Қайдасың албасты басқыр, әкем тірідей асады ғой мені, деп жан жағына елеңдеді де, өзінің жатқан жеріне қайта жүгірді. Бірақ қара құнанын таба алмады.теріс қарап отыра кетті де. Өкіре жөнелді. Көз жасын мөлтілдетіп өксігін басып болған соң, орнынан басы салбырап тұре келді. Сол Отырған жерінен бір екі қадамдай жасап барып, ышқырын түсіре салды да, төмен қарап шаптырып тұр. Артынан Пах етіп қатты шыққан дауысқа селк ете түсті де, дәретін аяқтамастан ышқырын апыл-құпыл көтере салып жалт қарады.

---Әй бәлекет, жан керек екен ә, сен балаға деп атқа қарай бұырлған әкесін көрді, артынша бір бұтынан төмен қарай жып жылы боп аққан нәрсенің әсерін байқап, сүмірейген қалпында әкесіне қарай басты. Жалт қарап бірден жерге телмірген, қасқағым сәтте болған көздің қимылы, талай сырды бүркеп үлгерді.Қаншама уақыт болған ұйқының айғағы ісіген қапа көздердің айна шетінде анық білінсе, ол қорқатындай бір масқараның болғанын қызарған көз хабардар етіп тұр. Төмен қарауының бір себебі осы болса, әкесі сеніп тапсырған істі жауапкершілікпен атқара алмағанына ұялып дуылдатқан бетті түзу қарата алмағаны екінші себебі еді.Әкеде қулықты біледі-ау. Баласының ішінде қызығушылықпен сонша күткен уақыт нәтижесінде туындаған сұрақтарының қақпасы ашылып кетпесін деген мақсатпен бірден іске кірісіп кеткенін қарай көр.

Ал балам енді кідірсек кеш батып кетеді, атыңды қамда тезірек. Бұл сөзді аитқанда аттың ығында мелшиіп тұрған бала қалпын аңғармаған еді.

Әй қимылдасаңшы тез-деп тартпаны тартып жатып аттың алдыңғы мойын тұсынан баласына қарады. Басы төмен салбырап екі иығы ықылық атқан баладай анда санда бір селк ектіп, бұрқ-бырқ еткен мұрын дауысы, әкенің әлгі күйін бірден өзгертті.

Өй боқмұрын, неменеге еңкілдеп тұрсыңей деп- ақырып қалғанымен артынша әлгіндегі өз қылығы есіне түсе қалып, бәсеңдеп үлгерді.

---Папа мен анау төменнен қураған қарағай көрдім да бұтақтарын реттеп, қайтып келсем андағы күрең төбел оралып қалыпты. СОдан үркі қашып кетсе керек, оз құнанымды таппай қалдым деп-, еңкілдеп жылап жіберді. Бұндай тығырыққа тірелген сәттерде, әкелердің әдеті бар ғой. Бұрқылдап кепбар ашуын айқаймен шығарып, тыным таппайтын ауыздан ақ ит кіргізіп, көк ит шығаратыны. Осы көріністерді Ерназар сөзсіз күткен, ендігі іс әрекеттің бәріне лажсыз көнген болатын. Не де болса үндемей шыдап беруге бекінген еді.

----Болды енді, алысқа ұзай қоймас, шідерлеп қойыппедің.

-----иә.

----Ондай болса алысқа кете қойған жоқ шығар, жүгір анау сай саланы көріп шық, маған отындарыңды көрсет алып шыға берейін.

Мен байқадым, дәл осы минуттарда Ерназардың бетіне қып қызыл шоқ басып жіберді. Екі беті дуылдап миы қайнап жатыр. Қанша ойланып көрседе әнекей аузына соз түсер емес. Дуылдатқан екі беттің қызуы қолына да әсер етті ау шамасы, көрдіңіз бе? Қолымен басын қаси бастады.

----Ол, ой папа оны жинапт, атты екеулеп іздеиктеа үлгермедім, шашылып жатыр, кеш болды ғой атты екеулеп іздейікте?

---Мына пысық маған ақыл үйретейін депті. Бұл жолы төбесінен су құйды, әкесінің әлгі сөзі , көңілінде пайда болған өтірік деген жараның бетін тырнағандай, денесі тітіркеніп, бойынан суық сезім зуылдап өте шықты.

Баласының таңырқап қалған түріне қарап, жаны ашып кетсе керек, ---Мынауың шынымен ақыл болды жарайсың жігіт, табылған ақыл кеттік қане, деп мұздаған денесіне жылу беріп мың құбылған Ерназарды бастапқы қалпына бір сөзбен келтіріп ат іздеуге екі жақа бөлініп сай сайға еніп кетті.

Жер жәннаты жетісу деп бекер айтылмаған ғой. Талай ақындар жырға қосып қаламгерлер бар өнерін салып сөзбен бейнелеген Жеті су жері. СКСөршілес Қырғыз ағайындардың атақты жайлауы Аққия-Байсауырмен астасып жатқан оңтүстіктің атақты жайлауы Асы деген осы болады. Шыңында қысы жазында өзгеріссіз жататын ақ көрпесі бар. Онан төмен етегінде жалбырап, қасқайып көк аспанға мойын созған қарағайларды көрсеңіз ғой

Көк кілемдей шалғын шөп қызықтырған,

Күн жоқ мұнда төбеден шыжып тұрған,

Бұлттардың арасынан нұр төгіліп,

Салқын самал миымды тынықтырған-деп, бір ауыз өлеңмен қайырған ақындардың аитпағы көп қой. Көк майса, самалдың әлсіз лебімен тербеліп, бұлақтардан аққан судың сылдыры қосылғанда, бейне бір оркестр еш қателіксіз ән салып жатқандай. Жылқы пырылдап, желідегі құлындар кісінегенде, табиғатпен жан жануарлардың өз ара үйлесімін көресің. Жайлаудың, осыншама табиғат жаратылысының көрінісі, бір көрген адамның жадында көпке дейін сақталып қалады. Таң қылаң атып, айнала бозарғанда, шөп бетіне қатқан қырау мөлдір маржанға айналып, көтерілген күннің сәул

есімен шағылысып ерекше көріністердің бір сәтін көрсетеді. Күн сәскеге келгенде, Жайлау аспанының шетінде үнемі түріліп тұрған қара бұлттың легі қозғала жөнеледі. Әлгі жайсаң жайлаудың қара пердесі түрілгенде бірден өзгере түседі. Қара бұлт алдымен өзінің алай-дүлей асау желін жібереді де, артынан өз кінәсін жуып шаймаққа, ақ жауынын төгіп кеп өтеді. Жаңбыр жерге сіркіреп, сызылып. Буынынан әзер шыдап тұрған кейбір қызыл жасыл гүлдерді, қапсыра, қара жерге жапсыра кетеді.  Бұл көрініс табиғат құдіретінің өз ара талас тартысы секілді елестейді. Қара бұлт батыстан шығысқа ауысқан шақта, қызыл күн, нұрланған жүзбен бұлт арасын жарып шығып, жерге телміреді. Осы сәттегі күннің жайлауға тартқан сиы тіптен жаныңды жадыратады. Ол қандай дисізбе? Алыстан иіліп алтын көпірдей, жарқырап нұрлана түскен кемпір қосақ, күн нұрынан жаратылған ерекше сый, ерекше тылсым.

Ерназардың алқынған демі, тура жел басталардағы дыбысқа қатты құсап кетті. Әкесінен көрі мазасы қашып жүрген себебі. Аттың жоғалуына кінәлі  өзі ғой. Ол қайта оралғанда, Күн бұзылып көк аспан сұрланып тұрды. Демін алып болғанша, келіп үлгерген әкесінің бірден, бет жүзін бақты. Қабағы қатуланып кеткен әкенің бұл кезде ұрсуға шамасы келмейтіндей еді.

---Қайда кетуі мүмкін ә?-деген сұрағына баласының екі иығының бір көтеріліп түсуімен ғана қанағаттанды. Күннің бұзылғалы тұрған қалпын аңғарып, екеуі жалғыз атқа міңгесіп, беткейдегі жалғыз аяқ жолмен өрлеп кері қайтты.

--Папа не болды сіз әңгімеңізді айтпадыңыз ғой. Аң кездеспедіме?

---Бүгін суаттауға ешқандай теке, ешқандай шошқа келмегеніне таңғалып келем өзімде.Бері шыға берісте, мылтығымды сынайын деп аспанға бір атып ем, оқ тұтанбай қалды.  Кепеге барып қайта сайлау керек болды. Шоқтығы биік төбенің бергі бетіне өткенде, бұлт қоюланып, майда жаңбыр тамшылай бастады. Жаңбырдың астында қалып қалмауға бекінсе керек, қыратта тежеліп қалмас үшін етектей түсіп ортадағы жалғыз жолға қосылып жүрісті үдетті. Тіккен шатырдан осыншама ұзарып кеткеніне іштей қапа болған Мақсаттың түрі сұрланып алыпты. Енді екі белестен асса, қарағайлының сайына жетеді. Бұлар қайтадан екінші жақтағы бетке шыққанда, қуып жеткен жаңбыр сіркірей жөнелді. Беткейден өрлеп төбенің орта беліне жеткенде, жалғыз аяқ жолдың жиегіндегі шөп суланып, аттың аяғы тайып кетті де, тәлтіреңдеп барып қалпына келді. Артынан сырғып түсіп қала жаздаған баласының қалпын байқаса керек.

---Бұлай болмайды балам, мына неменің құлайтын түрі бар,-деп, атты тоқтатып екеуіде түстіде, ер тоқымның артында байланған ескі су плачты өзі киді.

--Жаңбыр еселеніп барады. Сен тезірек барда, өз атыңды тап. Ол шатырдан басқа жерге кеткен жоқ. Ал мынау плачтан үркиді, мұны мен киіп алайында артыңнан барайын. Ал жөнел-деп, баласын атқа отырғызып жібере салды. Бос жылқылар жаңбырдан ықтап басы ауған жақа кете беретіні бар ғой. Мақсат соны ойласа керек, мылтығын құшақтап артта қала берді. Осылайша қара бұлт келіп, шырайлы күннің күрт суып кететіні бұл жақтың қалыпты тіршілігі. Қоюланып келіп, жаңбырды сіркіретіп,  айналаны жапырлатқан екпіні сәл бәсеңдей бастады. Алғашында жылдамдатып жетуді ойлаған Мәкең, күннің мынау түріне қарап әлде нәрсені ойлап тұр-ау шамасы. Мылтығының сабын жерге тіреп, сәл демін алды да, қабат-қабат киінген киімнің омырау тұсынан, қолын ішіне сүңгітіп жіберді. Арлы-берлі көкірек тұсынан бір екі рет толқын жіберді де, алақанына бес-алыт тал оқ дәріні шығарды. Көк плачымен жаңбырдан ықтап тұрып, арасынан біреуін шығарып, мылтыққа салып, қаруын сайлап алды. Күннің арты ашылатынына көзі жеткен соң, Төбенің жоғарғы жағындағы тастаққа қарай бет алды. Су шөптен табаны тайып жатып, тастың ығына барып, бүрісіп отыра кетті.

Артына қарамастан желіп отырып келген Ерназар шатырға жеткенде, жаңбыр тамшылап қалған болатын. Үстін кәдімгідей шылқылдатып үлгерген екен.  Келе салысымен, айналаға қарамастан аттан түсе салып шатырдың тар аузынан сүңги кетті.

Жаңбыр тоқтайтын шаққа айналған соң, төсінде бірге салақтап жүрген дүрбісін қабынан шығарып, буланған жалғыз көзін сүртті.

---Осы күннің әлегі болмағанда,  он қоян атып үлгерер едім деп, қайта жіпсінген қолдарымен түрбіні сүртіп болып, сыртқы плачын шешіп ыңғайға келе бастады.

---Әлгі боқ мұрын тауып алса дұрыс болар еді-деп баласында бір еске түсірді.Сырт-сырт етіп әр жерге бір түсіп жатқан жаңбыр тамшылары мүлдем сией бастады. Бұлттың артқы жағынан жайнап келе жатқан күннің көрінісі Мақсатты жадырата түсті. Аз отырған соң бұлт алыстап, күн анық көрінді. Дәл төбеден тайқыған күннің қалпына қарап отырып уақытты жобалады.

---Сағат үш жарым, төрт болып қалыпты. Қанжығаны бос қайтаруға болмайды-деп, өзімен өзі күңкілдесіп жалғыз көзді дүрбісін қыраттан-қыратқа асып жатқан кең далаға көздеді.

---Ең болмаса бір суыр ала кетейін-деп, бөлек-салағын реттеп, тас қуысынан шығып бір керліп алды. Осылай жаңбыр бір шайып, жадырап күн шығып, кемпір қосақ иіле қалған сәтті тек адам баласы ғана қызықтамайды. Ініне тығылған, аңдарда бұл сәтте қайта шығып арқасын жазып бір тыныс алып, жайылымға шығады. Мақсаттыңда пайдаланып қалмағы осы сәт....

                 1 БӨЛІМНІҢ СОҢЫ.

Батан Берікбол Мұратұлы. КазНАИ 1-курс. Киносценария.....